Премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Bloomberg-ке сұхбат берді
Премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Bloomberg-ке сұхбат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Вице-премьер Ресейге салынған санкциялар жайлы пікір білдірген. Оның айтуынша, Қазақстан өзінің экономикалық мүдделерін қорғауға ұмтылады.
«Біз өз өндірушілеріміздің саудаға тыйым салуына жол бермейміз», - деген ол.
Министрдің айтуынша, АҚШ Қаржы министрлігінің санкцияларына ұшыраған қазақстандық компаниялар таратылып жатыр. Кейбір санкциялар Қазақстанға пропорционалды түрде зиян келтіргенін де айтты. Ал батыс серіктестері, Жұманғариннің айтуынша, шығындарды өтеу үшін аз күш салды.
Қазақстан өз экономикалық мүдделерін бірінші орынға қоюға уәде беріп, Ресейге қарсы санкциялар қолдануда жаңа бағыт жүргізуде, сондай-ақ Ираннан Қытайға дейінгі елдермен сауда байланыстарын тереңдетіп жатыр - деп жазды Bloomberg.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың ақпанында Ресей президенті Путин Украина аумағында әскери операцияның басталғанын жариялады. Бұған жауап ретінде ЕО елдері мен басқа мемлекеттер Ресей Федерациясына қарсы санкциялар енгізе бастады.
Өз кезегінде, 2022 жылғы сәуірде СІМ-нің бұрынғы басшысы Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Ресейге қарсы енгізілген санкцияларға қосылмайтынын мәлімдеді. Жаңа санкциялар пакеттері осы күнге дейін енгізіліп, талқылануда.