$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2020, 15:41
Саясат

«Сын-ескертпелеріңіз үшін зор алғыс»: Дәурен Абаев министр кезінде қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Ол бұл қызметті 4 жыл атқарды

«Сын-ескертпелеріңіз үшін зор алғыс»: Дәурен Абаев министр кезінде қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді

Дәурен Абаев министр болып тұрған тұста қолдау көрсеткен барлық жанға алғыс білдірді, деп хабарлайды Аzattyq ruhy  шенеуніктің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Осы 4 жыл өте маңызды оқиғаларға толы болды. Біз ұзақ жолдан өттік, көп нәрсе жасалды. Біз көтерген бастамаларды қолдап, әркез ой-пікірлеріңіз бен сын-ескертпелеріңізді ашық білдіріп, қоғам үшін маңызды мәселелерге жанашырлық танытқандарыңыз үшін Сіздерге зор алғыс айтамын. Қазіргідей күрделі уақытта қоғамның тастүйін ауызбірлігі мен белсенді азаматтық ұстаным ауадай қажет. Бәрі оңай емес екенін түсінемін. Бірақ біз әрқашан ұлттық мүддені  ұстануға тырыстық», - деді ол.

Сондай-ақ, ол министрліктің және министрлікке қарасты ұйымдардағы сарапшыдан бастап басшылық құрамына дейін әрбір қызметкеріне ерекше құрмет білдіріп, алғыс айтты. Жаңа тағайындалған қызметіне қатысты да пікірін білдіре кетті.

«Ал бүгінгі тағайындау, ең алдымен, маған артылған үлкен сенім деп білемін. Тапсырылған қызметті абыроймен атқарып, қажыр-қайрат пен білім-білігімізді Отанымыздың игілігіне арнаймыз», - деді ол.

 Еске салайық, Дәурен Абаев бүгін Президент жарығымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары