Ақордада Шавкат Мирзиёевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті (ФОТО)

Автор: Молдатай Сымбат

Мемлекет басшылары келіссөз залына барды

Фото: Ақорда

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.