Дәурен Абаев ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
Бүгін Дәурен Абаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды.
«Дәурен Әскербекұлы Абаев ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», - делінген Ақорда сайтында жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.
Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген.
2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.
2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.
2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.
2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.
2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.
2009 жылдың қазанынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2011 жылдың қазанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.
2016 жылдың мамырынан бастап ҚР Ақпарат және коммуникация министрі, 2019 жылдың ақпанынан бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.