Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өкілеттігі тоқтатылған Дариға Назарбаеваның орнына тағайындалды

фото: facebook.com/m.ashimbayev

Бүгін Мемлекет Басшысының жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 мамыр күні ҚР Президентінің жарлығымен Парламент Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды.