Мәжіліс спикері 5 туитінде депутаттарды парламенттің 5 сессиясына шақырды

Автор: Смайлов Жандос

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин 2 қыркүйекте қос палатаның бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

Жақында Twitter әлеуметтік желісінде ресми парақшасын ашқан Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин алтыншы туитін жариялап, ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойып, 2-қыркүйекте парламенттің бесінші сессиясы өз жұмысын бастайтынын жазды.

Естеріңізде болса, 2019 жылдың 10 тамызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында 2 қыркүйекте халыққа президент ретіндегі алғашқы үндеуін жолдап, онда үкімет пен парламентке жеке тұлғаға қарсы жасалған кей ауыр қылмыс түрлеріне, соның ішінде зорлау қылмысы үшін жазаны қатаңдатуды тапсыруды жоспарлап отырғанын жазған еді.