Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президенті Дени Сассу-Нгессоны елорда әуежайынан шығарып салды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дени Сассу-Нгессоға құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Конго Республикасы Президентінің елімізге ресми сапары Алматы қаласында жалғасады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо Ақордада кездесіп, шағын құрамда келіссөз жүргізген болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Дени Сассу-Нгессоға ілтипат білдіріп, оның елімізге бұл сапарының тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Конго арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде жан-жақты пікір алмасты.