Қазақстан Конгоға елші тағайындайды – Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

Маңызды құжаттарға қол қойылды 

Фото: Ақорда

Конго Республикасы президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында 10 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Конго Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорт иелерін виза талаптарынан өзара босату туралы келісім;
  2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Конго Республикасының Сыртқы істер, франкофония және шет елдердегі конголықтардың істері жөніндегі министрлігі арасындағы саяси консультациялар туралы меморандум;
  3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Конго Республикасының Пошта, телекоммуникация және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, электронды үкімет қызметтері, ғарыш және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Конго Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрлігі арасындағы тау-кен өнеркәсібі және геология саласындағы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Конго Республикасының Энергетика және гидроэнергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  6. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Конго Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Natinal Petroieum Company of the Republic of Congo» арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  8. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  9. «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  10. «MSPP GL» ЖШС мен Конго Республикасының Пошта және электрондық коммуникацияларды ұлттық реттеуші органы (ARPCE) арасындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.