Бүгін ол Сенат спикері қызметінен кетті
Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға Сенат төрағасы ретінде атқарған жемісті жұмысына ризашылығын білдірді деп хабарлайды Аzattyq ruhy. Мемлекет басшысы ол туралы Twitter парақшасында жазды.
«Д.Н.Назарбаеваға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін», - деп жазады ол
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Дариға Нұрсұлтанқызы 2019 жылдың 20 наурызынан бері Сенат төрағасы қызметі атқарып келеді.