Ол 2019 жылдың наурыз айынан бері Парламент Сенатының төрағасы қызметін атқарып келді
ҚР Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Дариға Нұрсұлтанқызы 2019 жылдың 20 наурызынан бері Сенат төрағасы қызметі атқарып келеді.