АҚШ-тағы сайлау: Камала Харрис кандидатурасын ұсына алады

Автор: Azattyq Rýhy

Вице-президент қажетті дауыс санын жинады

Фото: Brandon Bell/Getty Images

Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне Камала Харрис кандидатурасын ұсынады. Вице-президент бұл үшін жеткілікті дауыс жинады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Reuters хабарлауынша, Харрис кандидатурасын ұсыну үшін қажетті 1976 дауыстан асып, 2538 дауысқа ие болды.

«Мен әр түрлі қылмыскерлермен күрестім. Мен әйелдерді қорлайтын агрессорлармен күрестім. Мен адамдарды алдаған алаяқтармен күрестім. Бұл науқанда мен Трамптың еңбегіне мақтанышпен қарсы тұрамын», - деп толықтырды вице-президент. 

Еске салайық, демократиялық партия атынан сайлануы тиіс Джо Байден бұған дейін бәсекеге түсуден бас тартты.