Тоқаев Масуд Пезешкианды Иран Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы әріптесіне сәттілік тіледі

Фото: t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иран Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианға құттықтау жеделхатын жолдап, иран халқының игілігі мен кемел келешегі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.