Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Астанаға келді

Автор: Azattyq Rýhy

3-4 шілдеде ШЫҰ саммиті өтеді 

Фото: primeminister.kz

Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әуежайында Шахбаз Шарифті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Қазақстан мен Пәкістан ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуда. IT-индустрия және қаржы саласы да перспективалы бағыттар болып саналады.