АҚШ елшісі қазақша ән салды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Мұқасанның «Той үстінде тәтті күндер» әнін шырқады 

Фото: kun.uz

Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм Ұлытау облысында қазақша ән салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы АҚШ елшілігінің Instagram парақшасында бейнеролик жарияланды.

Елші Дэниел Розенблюм Ұлытау облысындағы сапарында, көлікте серіктерімен бірге ән айтып, би билеген. Сапар барысында Дэниел Нұр-Мұқасанның «Той үстінде тәтті күндер» әнін шырқады.

Бұдан бөлек, өзінің плейлистіндегі әндер тізімін жариялады.