Биньямин Нетаньяху Израиль Үкіметін дұрыс қалыптастыра алмағандықтан өз шенін ел Президенті Реувен Ревлинге қайтарып берді деп хабарлайды Euronews ақпараттық порталы.
Ғаламторда жарияланған Нетаньяхудың Израиль халқына арналған бейнежолдауында ол қолынан келгенше үкімет бірлігін ауқымды түрде құрылымдауға тырысқанын жеткізген. Алайда оның ұсыныстары қолдау таппағанын және ол өз мандатын тапсыруға мәжбүр болғанын түсіндіреді.
70 жасқа толғалы отырған Израильдің Үкімет басшысы өз шенінен осылайша бас тартты. Президенттің баспасөз қызметі министрліктер кабинетін қайтадан құрылымдау құқығы «Кахоль-Лаван» блогының лидері Бени Ганцке тапсырылды деп хабарлайды.
«Егер де Ганц «Біріккен арабтар тізімінің» азшылық қолдауымен үкіметті құратын болса, мен өзім оппозициялық партияны басқарып, мұндай Үкіметті тезірек орнынан алып тастау үшін барымды саламын!», -деп ашық өз ойын жеткізді Биньямин Нетаньяху.