Hilton қонақ үйінде АҚШ елшілігі атташесінің мәйіті табылды

Автор: Темірхан Айжан

Ер адам Украинаға 15 маусымда келген

Фото: Istockphoto

Киевтегі Hilton қонақ үйінде АҚШ елшілігі атташесінің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Страна.UA басылымына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оның мәйіті 25 маусымда таңғы сағат 11.00 кезінде қонақ үй бөлмесінде табылды, денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Ер адам Украинаға 15 маусымда келген. Медициналық көрсетілімдерге сай, қызметкер ағзасындағы холестериннің көптігімен ауырған.

АҚШ елшілігі атташенің қайтыс болғанын растады.

«Біз Киевтегі елшілікте жұмыс істеген АҚШ мемлекеттік қызметкерінің қайтыс болғанын растаймыз. Құпиялылық себебіне байланысты қосымша түсініктеме бере алмаймыз», – делінген елшіліктің түсініктемесінде.