АҚШ әскерилерінің Ирак пен Ауған жеріндегі қатігездігін жария қылған Джулиан Ассанж бостандыққа шықты

Автор: Темірхан Айжан

Ол көп ұзамай Австралияға оралады 

Фото: BBC

WikiLeaks порталының негізін қалаушы, журналист Джулиан Ассанжды АҚШ соты бостандыққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW – ға сілтеме жасап.

Сот журналисті АҚШ билігімен жасалған мәміле аясында тыңшылық жөніндегі заңды бұзғаны туралы кінәсін мойындағаннан кейін босатты. Көп ұзамай Ассанж Австралияға, отанына оралмақ.

Кеше Джулиан Ассанж  өзіне тағылған 18 айыптың біреуін мойындап, тергеумен алдын-ала келісімге келгені айтылды. Содан кейін Ұлбританиядағы 5 жыл отырған Белмарш қатаң режимді түрмесінен шығып кепілмен босатылған болатын.

АҚШ WikiLeaks-тің негізін қалаушыға 17 бап бойынша айып тақты. Ол АҚШ тарихындағы ең ірі құпия құжатты жария етті деп кінәланды.

Құжат 2010 жылдан бастап АҚШ-тың әскери және дипломатиялық қызметі туралы 700 мыңға жуық құпия деректі қамтыған. Ол жерде АҚШ әскерилерінің Ирак пен Ауғанстанның бейбіт тұрғындарын қыруы, тұтқындарға көрсеткен қатігездігі туралы мәліметтер бар. Құжатты жариялағаны үшін журналистке 175 жылға сотталу қауіп төнген болатын.