Тоқаев Словения халқын құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы Словения президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын», – деп жазылған жеделхатта.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.