Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 2717 адамға жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтанда 500-ге жуық адамда COVID-19 вирусы анықталған

26 сәуір күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2717 адамға жетті деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Соңғы тіркелген 24 жағдайдың 10-ы – Нұр-Сұлтанда, жетеуі – Қарағанды облысында. Қызылорда облысында – 2 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 1 адам, Атырау облысында – 1 адам және Алматыда бір адам вирус жұқтырған.

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың статистикасы:

  • Нұр-сұлтан – 498
  • Алматы – 847
  • Шымкент – 167
  • Ақмола облысы – 93
  • Ақтөбе облысы – 57
  • Алматы облысы – 97
  • Атырау облысы – 119
  • ШҚО – 16
  • Жамбыл облысы – 104
  • БҚО – 116
  • Қарағанды облысы – 120
  • Қостанай облысы – 43
  • Қызылорда облысы – 179
  • Маңғыстау облысы – 27
  • Павлодар облысы – 95
  • СҚО – 30
  • Түркістан облысы – 109.

Осылайша, елімізде барлығы 2717 адам вирус жұқтырса, олардың 682-сі емделіп шыққан. Тағы 25 адам қайтыс болды.