Армения Палестинаны ресми түрде мойындады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы елдің СІМ мәлімдеме жасады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Армения Палестинаның тәуелсіздігін мойындайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның ақпаратында Ереван осылайша халықаралық құқық пен теңдік, егемендік және халықтардың бейбіт қатар өмір сүру принциптеріне адалдығын растайды делінген.

«Армения Республикасы Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауына, еврейлер мен Палестина халықтары арасындағы жақсы қарым-қатынасты шын жүректен қалайды. Әр түрлі халықаралық орындарда біз әрқашан Палестина мәселесін бейбіт және жан-жақты шешуді жақтадық және Израиль-Палестина қақтығысын шешудің екі жақты принципін қолдаймыз», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Палестинаның тәуелсіздігін Словения мен Испания мойындады.