Ол алдын ала жорамал жасамауға шақырды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи журналист Айдос Садықовтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Енді біз алдын ала қандай да бір жорамал жасамай тұра тұрайық. Меніңше, бір-екі күннің ішінде Бас прокуратура бұл жөнінде нақты жағдайды анықтап, жария етеді деп ойлаймын»,- деді депутат.
Еске салсақ, Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықовты атып кеткен еді. Кейін журналистке қастандық жасады деген айыппен 33 жастағы Мейрам Қаратаев пен 36 жастағы Алтай Жақанбаев ұсталған болатын.
Бұл іс президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жіті бақылауында.