Қазақстандықтар Кореяда қашан заңды жұмыс істей алады

Автор: Azattyq Rýhy

Келісім бойынша, заңды түрде жұмыс істеу мерзімі – үш жыл

Фото: видеодан скриншот

Еңбек министрі Светлана Жақыпова Кореямен меморандумға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық азаматтар Кореяда заңды түрде жұмыс істеу үшін жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесін енгізу жөніндегі келіссөздерге қол қойылуы тиіс.

«Қазақстан өз азаматтарын Кореяда оқытып, заңды түрде жұмысқа орналастыруға дайын, бірақ меморандумның бекітілуін күтіп отыр. Меморандумға қол қою Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары кезінде жоспарланған, бірақ келісудің кешігуіне байланысты мерзімі әлі анықталған жоқ»,– деді Еңбек министрі.

Мәжіліс кулуарында журналистер құжатқа қол қойылған соң, Қазақстан азаматтары ол жақта қандай мамандық бойынша жұмыс істей алатынын сұрады.

«Бұл меморандумға байланысты, сондықтан Оңтүстік Корея тарапы мигранттар орналаса алатын мамандықтарға квота белгілейді», - деді министр.

Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, Қазақстан азаматтары заңды түрде Оңтүстік Кореяға барып, үш жыл жұмыс істей алады.