«Менің қайын атам – депутат»: цифрлық даму министрінің қызметіне Тұрғанов араласты ма

Автор: Azattyq Rýhy

Жаслан Мәдиев өзінің лауазымы заң аясында бекітілгенін айтады

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәжілістегі қайын атасы Дүйсенбай Тұрғановтың жаңа лауазымына қатысы жоқ екенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаслан Мәдиев көктемде осы лауазымға тағайындала сала әлеуметтік желіде оның депутаттық корпустағы қайын атасы туралы ақпарат қатар тараған. Бүгін мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген ол Дүйсенбай Тұрғанов қайын атасы екенін ашық айтты.

«Иә, ол кісі менің қайын атам. Ал менің лауазымымды бекіту процессі заң аясында жүрді», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда министрлердің кандидатурасын мәжіліс бекітеді.