Президент Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілін қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаев әмбебап ұйыммен дәйекті жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап өтті

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Қайрат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Омаровқа Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты міндет жүктеді.

Президент аталған әмбебап ұйыммен дәйекті жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.