Талғат Шалданбай Иордан Хашимит Корольдігіне ҚР елшісі болып аттанады

Автор: Azattyq Rýhy

Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды

Фото: istockphoto.com

Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды6 деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.