Асхат Хасенов «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ төрағасы қызметіне тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Компанияны бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев 2 жылдай басқарды

Фото: «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ

Асхат Хасенов «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Шешім ҚМГ акционерлерінің 28 мамырда өткен, жылдық жалпы жиналысының қорытындысы бойынша қабылданды.

Басқармадан басқа Хасенов ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

Асхат Хасенов 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының операторы болып бастады.

2006-2010 жылдары «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» АҚ жетекші маманы, бас маманы, кен орындарын әзірлеу бөлімінің басшысы, департамент директорының орынбасары, техникалық реттеу департаментінің директоры, вице-президенті.