АҚШ бірқатар еуропалық елдің Палестинаның мемлекеттігі туралы шешімін қолдамады

Автор: Аягөз Құрмаш

Израиль Палестинаның мемлекеттігін қолдаған елдерден елшілерін алып тастады

Фото: Euronews

АҚШ әкімшілігі Норвегия, Ирландия және Испанияның Палестина мемлекеттігін мойындау туралы шешімін қолдамады, Палестина мемлекеттілігі «біржақты тану» арқылы жүзеге асырылмауы керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«АҚШ Президент (Джозеф Байден-авт.) «екі ұлтқа арналған екі мемлекет» жоспарының жақтаушысы және ол өзінің бүкіл мансабында оны қолдады», - деп CNN Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің ресми өкілінің сөзін келтірді.

«Ол Палестина мемлекетін біржақты тану арқылы емес, тараптар арасындағы тікелей келіссөздер арқылы құрылуы керек деп санайды», - деп қосты шенеунік.

Синьхуа хабарлағандай, сәрсенбіде Норвегия, Ирландия және Испания үкіметтері Палестина мемлекетін мойындайтындықтарын мәлімдеді. Палестина Президентінің кеңсесі бұл қадамдарды мақұлдады, бірақ Израиль жауап ретінде елшілерді осы елдерден алып тастады.

 

 

Тегтер: