Тоқаев Сингапур Президентінің Istana сарайына келді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан президентінің Сингапур еліне екі күндік сапары басталды

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президентінің Istana сарайына келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барғаны хабарланып отыр.