Жаңа президент 50 күннен кем емес уақытта сайланады
Иранның президенті Ибрахим Раисидің қаза табуына байланысты ел басқару қызметі уақытша Мұхаммед Мұхбардың қолында болады. Иранның Конституциясына орай вице-президент жаңа мемлекет басшысы сайланғанша, президенттің уақытша қызметін атқарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Иранның Конституциясына сай, Жаңа президент 50 күннен кем емес уақытта сайланады.
Иранның қазіргі вице-президенті Мұхаммед Мұхбар 1955 жылы туған. Ирандық саясаткер рухани көсем имам Хомейнидің (EIKO) бұйрықты орындау бөлімінің басшысы, Сина банкінің басқарма төрағасы және Хузестан провинциясы губернаторының орынбасары болып қызмет атқарған.
Еске салсақ, 19 мамырда Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ апатқа ұшырады. Бортта Иран президентімен бірге сол елдің сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, Тебриз қаласы мешітінің имамы Сайед Мохаммад-Али аль-Хашем және Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмати болған.
Тікұшақтағы бүкіл жолаушы қаза тапты.