Бұл туралы Ақорда хабарлады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Президенті Александр Вучич телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және биылғы екінші жартыжылдықта Қазақстан Президентінің Белградқа сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады», - деп хабарлайды Ақорда.
Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасқан.