Президент ҚХА басшысының екі орынбасарын қызметінен босатты

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазақстан халқы Ассамблеясында кадрлық ауыс-түйіс болды

Фото: assembly.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты ҚХА төрағасының орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», - деп жазылған хабарламада.