Жүктерді қабылдау және үйлестіру жұмысын әскерилер жасап жатыр
Тәжікстан Республикасы елімізге 9 вагонға түрлі құрылыс материалын тиеп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Жалпы елдегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға Тәжікстан үкіметі тарапынан 50 вагон гуманитарлық көмек жеткізілді.
9 облысқа 2,5 мың тоннадан аса қажетті зат жеткізілді.
Жүкті қабылдап, үйлестіру жұмыстарына әскерилер қолғабыс етіп жатыр.