Орталық Азия елдері климат өзгерісі жағынан алдыңғы орында тұр
Қазақстандағы су тасқынымен күреске Ұлыбритания көмектесуге дайын. Бұл туралы британдық СІМ басшысының орынбасары Нұсрат Ғани Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанда болып жатқан су тасқыны елдің солтүстігі мен батыс өңірлеріне орасан залал келтірді. Соның кесірінен зардап шегіп, әсіресе эвакуациялануға мәжбүр болғандарыңыз өкінішті. Орталық Азия елдері климаттың өзгеруіне қарсы күрестің алдыңғы қатарында тұр. Ұлыбритания оларға қол ұшын созуға дайын», - деп жазды британдық шенеунік.