Грузияның оппозициясы мен халқы «Иноагент туралы» заң жобасына қарсы шықты
Грузия парламентінде оппозициядағы «Азаматтар» партиясының басшысы Алеко Элисашвили биліктегі «Грузия арманы» партиясының лидері Мамука Мдинарадзені сөйлеп тұрған жерінде соққыға жықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «ВВС орыс қызметіне» сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, қазір Грузия парламенті «Иноагент туралы» заң жобасын талқылап жатыр. Заңды биліктегі «Грузия арманы» партиясы ұсынған. Ал, оппозиция мен халық бұл құжат «проресейлік» заң болатынын алға тартып, ереуілге шықты.
Грузия парламентінің заңнама комитетінің отырысында сөз сөйлеп тұрған Алеко Элисашвилиді оппозиция өкілі Мамука Мдинарадзе ұрып, артынша депутаттар жаппай төбелесіп кетті. Ал, заң жобасына қарсылық танытып, Тбилиси көшелеріне шыққандар арасында 14 адам қолға түскені белгілі.