Бұл туралы Дональд Трамп CNN басшысына жазған хатында айтқан
АҚШ президенті Дональд Трамп CNN арнасын сотқа беруді жоспарлап жүр, деп жазады Fox News.
Дональд Трамптың айтуынша, CNN жалған ақпарат таратып, журналистік этика талаптарын бұзған.
Басылымның хабарлауынша, Ақ үй басшысы белгісіз адамның ақпаратына сүйеніп жасалған сюжетке ашуланған. Тіпті, ол CNN басшысы Джефф Цукерге хат та жазған.
Айта кету керек, Дональд Трамп бұған дейін де CNN арнасын жалған ақпарат таратты деп айыптаған еді.