Азия мен әлемді геосаяси күрес алаңына айналдыруға болмайды - Чжао Лэцзи

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол Қытайдың ұстанымын жеткізді

Фото: Ju Peng/ XinHua

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи Азия елдерін унилатерализм мен ультра-эгоизмге, текетірестің қалыптасуына қарсы бірлесіп әрекет етуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Аймақ пен әлемнің геосаяси күрес аренасына айналуына жол беруге болмайды. Қытай инновациялар арқылы дамуды ынталандыруды, ғылыми-техникалық инновациялар арқылы индустриялық инновацияларды ілгерілету мен жаңа сапалы өндіріс күштердің қалыптасуын жеделдету стратегиясын ұстанады»,- деді Чжао Лэцзи Боао Азиялық форумында. 

Сондай-ақ ол Қытай тең және реттелген көпполярлы әлемді, сондай-ақ жалпыға қол жетімді және инклюзивті экономикалық жаһандануды жақтайтынын жеткізді.

Чжао Лэцзи форумға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу кезінде қазақ-қытай қарым-қатынасының белсенді дамып келе жатқанын айтты

Келіссөз барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары жан-жақты талқыланды, сондай-ақ көлік, өнеркәсіп, туризм және басқа да салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысы қарастырылды.