Тоқаев Қазақстан ЖІӨ-нің өсімін 6 пайыз деңгейінде ұстауға тырысатынын айтты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ашылу салтанатында Қазақстан ЖІӨ өсімін 6% деңгейінде ұстауға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Президент атағандай, Қазақстан 2029 жылға қарай экономиканы екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.
«Орта мерзімді перспективада біз өсімді (ЖІӨ - авт.) 6% деңгейінде қолдауға және 2029 жылға қарай экономикамызды екі есеге арттыруға тырысамыз. Оны жүзеге асыру үшін жаңа экономикалық бағытты ынталандырдық. Ол жаңа стратегиялық, құрылымдық шешімді қажет етеді», - деді Тоқаев.
Президент атағандай, мақсат - қарқынды дамитын қуатты халықты қалыптастыру.
«Қазақстанның цифрлық нарығындағы өзге шетелдік крмпанияларды тартады, оның ішінде қытайлық кәсіпорындар да бар»,- деді ол.
Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясының Боао қаласында Боао Азия форумы-2024 өтіп жатыр.
Фото: Ақорда