Палестина үкіметіне жаңа басшы келді

Автор: Темірхан Айжан

Премьер-министрге жаңа үкімет құру ісі тапсырылды

Фото: aa.com.tr

Палестина президенті Махмуд Аббас премьер-министрдің бұрынғы орынбасары және Палестина инвестициялық қорының төрағасы Мұхаммед Мұстафаны жаңа премьер-министр етіп тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолыға сілтеме жасап.

Ел президенті Мұхаммед Мұстафаға жаңа үкімет құруды тапсырды. 

Палестинаның жаңа премьер-министрі болып тағайындалған Мұстафа Дүниежүзілік банкте және Палестина автономиясының мекемелерінде, соның ішінде Палестина инвестициялық қорында әртүрлі қызметтер атқарған.

26 ақпанда бұрынғы премьер-министр Мұхаммед Иштия үкіметі отставкаға кеткен болатын.