АҚШ пен Иордания Газа секторына гуманитарлық көмек жіберді

Автор: Аманалина Тоғжан

Джо Байден АҚШ әскери күштеріне Газаға теңіз арқылы көмек жеткізу үшін уақытша порт салуды тапсырды

Фото: REUTERS

Жексенбіде АҚШ пен Иордания Газа секторындағы палестиналықтарға әуеден гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy REUTERS-ке сілтеме жасап.

11 500 адамның бір мәрте ауқаттануына жететін азық-түлік парашютпен түсірілді.

Пентагонның хабарлауынша, АҚШ осы айда Газа секторына шамамен 135 000 ас-ауқат жеткізген.

АҚШ президенті Джо Байден АҚШ әскери күштеріне Газаға теңіз арқылы көмек жеткізу үшін уақытша порт салуды тапсырды. Оған 60 күндей уақыт кетеді. Көмек топтары аштықтан қиналған халық үшін тым ұзақ уақыт екенін айтып отыр.

Аударған: Айжан ТЕМІРХАН