Мемлекет басшысы 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады

Автор: Azattyq Rýhy

Президент екі ел арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады

Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурыз күндері Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алғашқы отырысына қатысады.