Италия парламенті ЕО-ның әскери-теңіз миссиясына қатысуды мақұлдады

Автор: Аягөз Құрмаш

Миссия қорғаныс сипатына ие

Фото: freepik.com

Италия Парламенті елдің Еуропалық Одақтың Аspides /«қалқандар»  миссиясына қатысуын мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Синьхуаға сілтеме жасап.

Еуропалық одақ кеңесінің мәлімдемесіне сәйкес, миссия «Қызыл теңіз бен Парсы шығанағында кеме бостандығын қалпына келтіруге және қорғауға» бағытталған. Ол қорғаныс сипатына ие.

Үкіметтің Aspides туралы қаулысына  Төменгі палатаның заң шығарушылары 271 «иә» және 6 «жоқ»  деген дауыс берді. Содан кейін сенаторлар да мақұлдады.

Дауыс беру алдында Италия СІМ басшысы Антонио Тайани итальяндық кемелер өзін-өзі қорғау құқығын алатынын түсіндірді.

«Aspides-те өзін-өзі қорғаудың ауқымды міндеттері болады», - деп қосты ол.