Дизель отынының бірінші партиясы 17 вагон-цистернамен жөнелтілді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қырғыз Республикасына Бішкек ЖЭО-дағы апатын жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен дизель отыны түріндегі 2 000 тонна гуманитарлық жүк бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 ақпанда «Резерв» РМК «Заря» филиалынан 1 000 тонна дизель отынының бірінші партиясы 17 вагон-цистернамен жөнелтілді.
Гуманитарлық жүк Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдеріне берілетін болады.