Ол президенттікке 2022 жылдың мамыр айында келген еді
Венгрия Президенті балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған сотталушыға кешірім жасағаны үшін халықтың наразылығына ұшырап, ақыры отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Венгрия Президенті Каталин Новак отставкаға кететінін жариялады. Оның мұндай шешім қабылдауына елде балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасаған сотталушыға кешірім жасауы себеп болды.
Бұл шешім ұзақ уақыт бойы билікте болған консервативті үкіметтің айналасында бұрын-соңды болмаған саяси жанжал тудырды.
46 жастағы Новак қызметінен кететіні туралы сенбіде теледидардан хабарлады.