Президент «AMANAT»  партиясы ұсынған кандидатураны қолдады

Автор: Аягөз Құрмаш

Мәжіліс депутаттары  шешімді кандидатураны дауысқа салу арқылы қабылдайды

Фото: Ақорда

Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысының лауазымына Олжас Бектеновтың кандидатурасын қолдап, келісімін берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібінде тек бір мәселе ғана қаралады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы отырыста Қазақстан халықаралық қоғамдастықта абыройы бар мемлекет екенін айтты.

«Шетелдік сарапшылар Қазақстан Орталық Азияда экономика мен басқа көрсеткіштер бойынша көш бастап тұрғанын мойындайды», - деді ол.

Президент Үкімет өз қызметінде кәсібилік пен жедел шешім қабылдауы керек екенін айтты.

«Жаңа экономикалық даму жағдайына дайын болып, кез келген жағдайыға төтеп беру үшін Үкіметтің де құрамы дайын болуы керек. Үкіметтің жұмысына қызметті жандандыруы керек», - деді Тоқаев.

Президент Үкіметтің жаңа экономикалық блогі өзгеретінін айтты.

Мемлекет басшысы Үкімет басшылығына ұсынылған Олжас Бектеновтың кандидатурасымен келісетінін айтып, депутаттарға ұсынды.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа мақсаттар айтылады.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.

5 қаңтарда Президент Қазақстан үкіметін отставкаға жіберген еді.