Президенттің қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы басталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Жиында Премьер-министрдің кандидатурасы бекітіледі

Фото: egemen.kz

Президенттің қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы басталды. Отырыста Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылады, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Бүгін Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылған болатын.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Отырыста Президент бұл ұсынымды депутаттармен талқылайды.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ