Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасы ұсынылды

Автор: Мира Байбек

Бүгін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына «АМАНАТ» партиясы атынан премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады. 

«Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды», - делінген хабарламада.

Тақырыпқа орай: Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.