Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Автор: Аманалина Тоғжан

Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарады 

Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жарлық мәтінінде былай делінген:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.