Екі ел басшылары ынтымақтастықты дамыту жайлы келіспек
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Башқұртстан Республикасы басшысының Астанаға сапары туралы айтып берді,деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2024 жылғы 23-24 қаңтарда Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың Астанаға сапары өтеді.Сапар аясында башқұрт делегациясы «Қазақстан-Башқұртстан» бизнес-форумына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс тобының отырысына қатысады», - деді Айбек Смадияров.