Мемлекет басшысы Италия Президентімен келіссөз жүргізу үшін «Квиринале» сарайына келді

Автор: Azattyq Rýhy

Қасым-Жомарт Тоқаевты Сержо Маттарелла қарсы алды
 

Италияға ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізу үшін «Квиринале» сарайына келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.