Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео COVID-19 індетінің таралуына қарсы күресте халықаралық іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанға қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. АҚШ дипломатиясының басшысы Вашингтонның пандемияны тезірек ауыздықтау және оның салдарын жою мақсатында екіжақты ықпалдастықты арттыру ниетін нақтылады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге салсақ, АҚШ аумағында коронавирус індетінің таралу қаупі сейілмей тұр. Соңғы бір тәулікте АҚШ-та коронавирустан 1736 адам қайтыс болды. Бұл осы елде індет басталғалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.